МОБИЛЬДІК (ЖЫЛЖЫМАЛЫ) ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАР

МКМ сериялы жоғары және төмен кернеулі мобильдік (жылжымалы) трансформаторлық қосалқы станциялар біздің клиенттердің жоба талаптарынан шығатын ерекше сұраныстарын қанағаттандыру үшін әзірленген. Бұл жергілікті сипаттамаларға және тиісті стандарттарға сәйкес, біздің компанияның тәжірибесіне негізделіп шығарылған мобильдік қосалқы станциялар.

Бұл қосалқы станциялар қосалқы станцияларды жобалағанда және әзірлегенде алаңды зерттеу және талдау нәтижелері және тасымалдау жағдайлары бойынша тіркемелерге, сырғытпаларға, күймешелерге, бағыттағыш рельстерге немесе вагондарға монтаждала алады. 

Олар барлық электрлік және механикалық жалғауларды орындаумен, стационарлық қосалқы станцияларды пайдалану үшін қажетті барлық құрауыштармен (құрама бөлшектер және құрылғылармен) жабдықталғанымен қатар, олар мобильдік құрылымының арқасында оңай жылжытылады, бұл оларды айтарлықтай ұнамды етеді. 

Жалпы секциялар

Жоғары кернеу секциясы:

  • 1-52 кВ металл арақабырғалы тарату құрылғыларының ұяшықтары, металл корпустағы тарату құрылғыларының ұяшықтары немесе газдық оқшаулаумен тарату құрылғыларының ұяшықтары. 

Трансформаторлық секция:

  • 400 - 4000 кВА тарату трансформаторы 

Төменгі кернеу секциясы:

  • 630 – 63000 А төмен кернеулі тарату панелі / теңестіру панелі және өлшеу панелі
  • Тұрақты тоқ көзінің панелі

Аккумулятордың және аккумуляторды қуаттағыштың секциясы:

  • Аккумулятор, аккумуляторлық батарея науалары және қуаттау құрылғылары.

Басқа секциялар:

Басқару және бақылау секциясы/генератор секциясы

Негізгі сипаттамалары

Стационарлық қосалқы станцияларда да бар «Scada» деректерді диспетчерлік бақылау және жинау жүйесін қоса, барлық құрылғылар мен жабдықтарға механикалық және электрлік монтаждауды орындаумен, сүйеніш жақтаушасына, тіркемелерге, вагондарға монтаждалған IP65 қорғаныс класы кабинасы,  қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықпен және пайдалануға енгізу жабдығымен пайдалануға дайын болып жеткізіледі. Пайдалануға енгізуге дайын жабдықтың болуы өте тез пайдалануға енгізуді және пайдаланымдық даярлықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мобильдік трансформаторлық қосалқы станциялардың ішінде орналасқан өнім және оларда көрсетілетін қызметтер

Жоғары кернеулі тарату құрылғыларының ұяшығы, тарату трансформаторы, қуат беру панелі, теңестіру панелі, өлшеу панелі, бақылау және басқару панелі, тұрақты тоқ көзінің панелі,  «Scada» деректерді диспетчерлік бақылау және жинау жүйесі, генератор, аккумуляторлық батарея науалары, аккумуляторлық батареялар, аккумуляторлық батареялардың қуаттау құрылғылары, өткізгіштер және кабельдік арматура, жарықтандыру жабдығын орнату және ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған жабдық, электрлік-механикалық монтаждаулар, жабдықтың ақауы туралы ескертетін биркалар мен затбелгілер, тестілеу құралдары, қол құралдары, қорғаныс материалдары, өрт сигнализациясы және өртті сөндіру жүйесі, саты немесе жұмыс платформасы.